Жақсы ит екі ауылға да үреді

461
дереккөз

Аякөз ауданының танымал ақыны Азанғали Тұраров бірде Мыңбұлақ ауылындағы бір тойға барады. Тойды  Мақай Егінбаев деген жігіт басқарып жүріпті.

Өзі ақын, сөзге шешен  Азанғали келген соң Мақай: «Тойды енді  Азанғали жүргізсін» деп, шегіншектей беріпті. Оны естіген Азанғали әй Мақай, «Қазақ бір ауылдың иті бір ауылға үрмейді» деген. Той өздеріңдікі өзің жүргізе бер депті. Сонда Мақай: «Жүргізіңіз Азеке, жақсы ит екі ауылға да үреді» – деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK