Жетісу облысының прокуроры Конституциялық заңның нормаларын түсіндірді

148

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның нормаларын түсіндірді.

 

2022 жылы 5 қарашада ел Президенті «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Қазақстанның даму тарихында прокуратураның қызметін реттейтін нормативтік акт тұңғыш рет Конституциялық заң мәртебесінде қабылданды.

Жеке Конституциялық заңның қабылдануы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бастамасының іске асырылуы болды.

Ол прокуратураның құқық қорғау қызметін нығайтуға, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын күшейтуге бағытталған.

Конституциялық заңмен Бас Прокурорға алғаш рет:

  • Конституциялық сотқа Конституцияның 72-бабы 4-тармағының тәртібімен Конституция нормаларын, ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттар мен нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау;
  • Жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша сот практикасы мәселелері туралы соттарға түсініктеме беру бойынша жүгіну құқығы берілді:.

Бұл новеллалар прокуратураның заңсыз құқықтық актілерге наразылық білдіру және оларды сот тәртібімен жою жөніндегі өкілеттіктерімен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.

Прокуратура органдарының тексеру негіздерін анықтайтын норма айтарлықтай өзгерді (Конституциялық заңның 18-бабы).

Мысалы, кәсіпкерлік субъектілер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тексеру тағайындау үшін қосымша негіз болды.

Прокуратураның адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланды (Конституциялық заңның 29-бабы).

Бұдан былай прокуратура адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтару мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру шеңберінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізеді.

Бас прокуратура өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) білдіретін болады.

Сонымен бірге Конституциялық заңмен прокуратураның құзыретіне кіретін өтініштердің тізімі кеңейтілді (Конституциялық Заңның 24-бабы).

Өтініштерді құзыреті бойынша уәкілетті органдарға бағыттаудың бұрынғы тәжірибесі халықтың негізді наразылығын тудырды.

Енгізілген толықтырулар прокуратураның халықтың мәселелерін шұғыл шешуге бағытталған қадағалау қызметіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Жаңашылдықтардың прокурорлармен қабылданатын актілерге ге қатысы бар.

Наразылық(Конституциялық заңның 33-бабы). Прокурор наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігінеқарай оны қараудың өзге де мерзімін, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзім белгілеуге құқылы.

Ескі редакцияда («Прокуратура туралы» 2017 жылғы заң) бұл мерзім кемінде күнтізбелік он күн болып белгіленген болатын.

Қаулы (Конституциялық заңның 37-бабы). Оны шығару жағдайлары нақтыланды және толықтырылды:

  • жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы;
  • жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы;
  • күзетпен ұсталатын, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебіне алынған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қолданған тәртіптік жазалар мен көтермелеудің күшін жою туралы;
  • лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру туралы;
  • прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы.

Сонымен қатар, прокурорлардың қадағалау қызметін арттыру мақсатында Конституциялық заңмен жаңа прокурорлық акт – Заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру енгізілді (Конституциялық заңның 41-бабы).

Бұл актінің қабылдануы құқық бұзушылықтардың алдын алу қажеттілігіне байланысты.

Жалпы, жаңа Конституциялық заңның қабылдануы прокурорлардың адам мен азаматтың, сондай-ақ мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құзыреті мен әлеуетін кеңейтетіні сөзсіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK