Еліміздегі қараша айының 20 күні өткен кезектен тыс Президент сайлауында жалпы жұрт жұдырықтай жұмылып өз таңдауын жасады. Міне, бұл қазақ халқының алдағы жеті жылда ел тізгінін ұстайтын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге екендіктерінің айқын айғағы.

Нақтырақ айтқанда  осы жолғы  сайлаудың бұрынғыдан мәні де маңызы зор. Өйткені, қарапайым халық Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан құру жолындағы атап көрсеткен басым бағыттарынан тың өзгерістер күтеді. Соның ішінде күн санап аспандап кеткен қымбатшылықты тежеп, дендеп алған жемқорлықтың жолын кесіп, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңа үкіметтің жасақталуынан үмітті.  Сондай-ақ, елдің  дамуы мен экономиканың еселеп артуына сара жол ашып, азаматтардың құқық мүддесінің  қорғалуын қаматамасыз етіп, мемлекеттік тілдің және ұлт құндылықтарының мәртебесін көтеруге жаңа серпін береді деп сенеді. Сондықтан да жұрт сенімін ақтау басты парыз. Жаңа билік ел Президентінің бастамасына сай батылдықпен жаңаша жұмыс жасауы тиіс.

 

                                                                                        Толыбек Данабеков,  Қоғамдық кеңестің мұшесі,

«Семей-Полигон» мүгедектері

және ардагерлер қоғамдық

 бірлестігінің төрағасы. 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK