Жақында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жеңіс Андабеков Талдықорғандағы жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Басқосуда мемлекеттік қызметтің рөлі, оған орналасудың тәртібі,  орын алып жатқан жаңашылдықтар сынды бірқатар мәселелер кеңінен түсіндірілді.

Сонымен бірге, жастарды «Цифрлық жадынама» және дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылған Жетісу облысы «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің кезекті маусымының ашылуы туралы, сондай-ақ,  қызметшілердің бірқатар әлеуметтік кепілдіктерімен хабардар етті. Бастысы мемлекеттік қызметке орналасу белгіленген бірнеше кезең арқылы конкурстық іріктеу өткізіледі.

Кездесуде қатысушылар арасында орнаған белсенді әңгімеде барлық сұрақтарға тұщымды жауап берілді. Осыдан соң Талдықорған жоғары политехникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Шыңғыс Нұрғожаев аталған білім шаңырағының жұмыс бағытымен IT саласы бойынша  цифрландыру құзыреттілігі және байланыс орталығының қызметін таныстырды. Жауаптылардың айтуынша, қазіргі таңда колледжде 2770 студент білім алып,  233 оқытушы мен қызметкерлер жұмыс жасауда. Колледждің бас ғимаратында  31 оқу аудиториясы мен зертхана, 8 өндірістік шеберхана бар. «Жас маман» жобасы аясында білім ордасы  заман талабына сай ең озық деген технологияға бағытталған құралдармен жабдықталған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK