Жақында жол-көлік апатынан зардап шеккен 1975 ж туған науқас ауыр халде Талғар аудандық орталық ауруханасының шұғыл құтқару бөліміне  жетізілген еді. Дәрігерлер науқастан  жабық бас миының омыртқаның көлденең бөлігінің және  оң жақтағы бүйір массасының жабық сынуы сынды жарақтарды анықтаған.  Сонымен бірге науқас жамбас сүйегінің  сынумен қатар  2 дәрежелі травматикалық шок алған. Осыған байланысты Талғар орталық аудандық ауруханасында оған бірегей ота жасалды.

— «Алдымен біз шокқа қарсы, инфузиялық терапия жасап,  жамбас сүйегіне бекіту арқылы  сыртқы аппаратты орнаттық. Науқастың жағдайын тұрақтандырғаннан кейін, жетінші күні біз жамбас сүйектеріне операция жасадық. Ашық репозиция, пластинамен және бұрандалармен екі жақтағы садалиальды сүйектердің остеосинтезі «,-деді профессор, РАМ корреспондент  мүшесі, жоғары санатты травматолог Молдақұлов Жұмахан Мұқашұлы.

— «Бірлік кентінде мені көлік қағып кетіп, жедел жәрдем Талғар аудандық ауруханасына әкелді. Дәрігерлер маған екі отаны сәтті жасады, осы аурухана қызметкерлеріне, хирургтарға, травматологтарға, медбикелерге рахмет. Мен мүлдем аяқсыз қаламын деп ойладым. Бірақ дәрігерлердің арқасында аяғымнан тұрдым «, — дейді науқас көзіне жас алып.

Операцияның ассистенттері аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты травматолог дәрігерлер Талғат Аманбекұлы Малаев және Руслан Сәдуақасұлы Төреқұлов және екінші санатты травматолог дәрігер Исламбек Арыстанбекұлы Нұрмахашев болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK