Елі шырайлы, жері шұрайлы Қазақстанда Президенттік сайлау  өтті. Саяси науқанға  азаматтар белсенді қатысып, таңдау білдірді. Президентке сенім білдіріп, үміт артты.  Бұл жолы Президенттік басқару жеті жыл болып ұзартылды.

Сайлаушылардың қатысуы мен Президенттік сайлаудың нәтижелері еліміздегі саяси жаңғырту бағдарламасының іске асырылу барысын үлкен оптимизммен бағалауға мүмкіндік береді. Еліміздің саяси тарихының жаңа парағы ашылды. Келесі саяси кезең- Парламенттік сайлау.

Бұл сайлау  мемлекет басшысының  беделін айқындады. Алдағы уақытта  ауқымды реформалар бен тың бастамалар күтеміз.

                                                                                       Абдуали Тастанов,

                                          Азия,әлем  және    халықаралық турнирлердің жеңімпазы
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK