Елімізде күні кеше өткен кезектен тыс Президенттік  сайлау ерекше саяси  маңызға ие болды. Жұмысымыз қарбалас болса да, уақыт тауып денсаулық саласы қызметкерлері сайлауға қатыстық. Әркім өз таңдауын білдірді. Бұл ел болашағына, жас ұрпақтың  алдағы өміріне жасалған қадам деп ойлаймын.

Сайлау бюллетенінде алғаш рет «барлығына қарсы» бағанының пайда болуы, қорытынды көрсеткіштің аздығына қарамастан, белгілі бір дивидендтерге әкелді. Біріншіден, билік азаматтар арасындағы ықтимал наразылық көңіл-күйін өлшей алды. Екіншіден, билік іс жүзінде аймақтық бөліністегі келіспеушіліктердің деңгейін тіркей алды. Үшіншіден, «барлығына қарсы» бағанының нәтижесі жаңа саяси көшбасшылар мен партиялардың әлеуетті сайлаушыларының үлесін көрсетеді.

                                                                               Гүлзира Қаурамбекова, дәрігер.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK