Кезектен тыс өткен  Президенттік сайлауда азаматтар белсенділік танытты. Ел болашағына деген  сенімді үкілеп дауыс берді деп ойлаймын. Қазақстанның жарқын болашағына зор үмітпен қараймыз.

Қазақстан тасы өрге домалап, өркендей беруі жолында бәріміз  үлес қосуымыз қажет.«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығара береке-бірлікпен еңбек ете берейік.

Дауыс беру қорытындысы қазақстандық қоғамның ағымдағы қажеттіліктерінің айқын көрсеткіші болып табылады. Бұл әлеуметтік әділеттілікке, жалпы бірегейлікке және табысты болашаққа деген сұраныс. Бұл ретте баламалы кандидаттар алған дауыстардың пайызы, жалпы алғанда, олардың барлығы, біреулер үлкен дәрежеде, біреулер аз дәрежеде тек атақ-даңққа ғана емес, азаматтардың сенімінің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алғанын көрсетеді.

                                                                             Қуандық Есенеев, спорт шебері.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK