Бүгін еліміз үшін тарихи сәт.  Елімізде кезектен тыс өтіп жатқан Президенттік   сайлауға   қатысып, дауыс  учаскесіне келіп, дауыс берушілермен әңгімелесудің сәті түскен еді.

 

Салиха Биқұрманова, зейнеткер

 Жасымыз келген адамдар болсақ та, өзіміз барып, Еркін ауылына қарасты Көктал шағын ауданындағы сайлау учаскесінен дауыс бердік. Қоғамдық көліктерде  тегін сайлаушыларға қызмет көрсеткеніне риза болдық. Барша халқымызға амандық, заманымыз тыныш болсын деп тілейміз. Өзіміз дауыс берген жерде барлығы жақсы ұйымдастырылған. Аты-жөнімізді тізімнен тез тауып берді. Отбасында баламыз да осы сайлауға атсалысып, денсаулығына байланысты үйден дауыс беретін  сайлаушылардың өз таңдауын жасауына  септігін тигізуде.

Ерназар Биқұрманов, Еркін ауылының тұрғыны: Мен биыл 74-ке толдым. Бүгін маңызды да ел болашағы анықталатын күн. «Әділ істің бәрі игі»-дегендей, Қазақстанның дамуына, ұрпағымыздың жарқын келешегі үшін дауыс беру әр азаматтың парызы. Өзім мұндай науқандарға үнемі қатысып келемін. Үлкен өзгерістер күтеміз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK