Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау науқаны өтіп жатыр. Президент сайлауы — ел үшін маңызды қадам, тарихи күн. Еліміздің әр азаматы сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде.  Талдықорған қаласының тұрғындары да өз таңдауларын жасауда.

 

Еркін ауылы Көктал шағын ауданына қарасты 1014 сайлау учаскесіне болып қайттық. Сайлаушылар таңсәріден бері келіп өз таңдауын жасауда.

Сайлау  науқанына  2590 сайлаушы қатысады деп күтілуде. Оның 18 жасқа толған 58 адам бар.

Алғашқы болып ауыл ақсақалы  Тортай Ізбасканов Тортай келіп дауыс берді. Сондай-ақ,18 жасқа толған Нұрмұха Диас Қанатбекұлы алғаш рет келіп дауыс берді. Оған арнайы сыйлық табыс етілді.

« Тәуелсіз еліміз үшін бүгін, яғни, 2022 жылдың 20 қараша тарихи күн.  Мемлекетіміздің жарқын  болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері 9 адамнан құралған. Байқаушылардың саны алтау.  Халықтың белсенділігі жоғары» ,-дейді сайлау учаскесә төрағасы,  мектеп директоры Ерлан Еркінбеков.

Аталмыш учаскеде түске дейін сайлаушылардың  тең жарымынан белсенді түрде отбасыларымен келіп дауыс беріп үлгерді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK