Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев  Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге келіп, таңдауларын жасады.

— «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Мен осы сайлауда Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, бұл менің — конституциялық құқығым. Еліміздің болашағына сенемін», — деді Б.Исабаев.
Жалпы бүгін, 20 қарашада Жетісу облысындағы 447 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде. Онда 445 мыңнан аса адам дауыс бермек.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK