Бүгін тәуелсіз еліміз үшін тарихи және қуанышты күн деуге болады. Өйткені, отандастарымыз өз таңдауын жасап, болашақ бағдарын белгілеуде. Қашанда елдің елдігін, жұрттың берекесін көрсететін береке мен ынтымақ екендігі баршамызға аян. Бүгінгі жерлестеріміздің сайлауға деген ынтасынан дәл осы қасиетті байқадым. Себебі, қазір көптің келешекке деген сенімі оянды.

Жаң Қазақстан құру үшін әркім өз үлесін қосуға ынта татытуда. «Бақ қайда барасың десе, ынтымағы ұйыған елге барамын» деген екен. Бүгін балаларымды, келіндерімді, немерелерімді ертіп өз таңдауымызды жасауға сайлауға келдім. Бастысы, немерелерім өздерінің елжанжылығын, отансүйгіштігін осы сәттен бастаса деген үміттемін. Бұл сайлау сол жастардың болашағы үшін керек. Олар осы елді өркендету үшін еселелі еңбек етуді осы бастан үйренгені жөн. Ауесхан МАЖАЙ, «Парасат» орденінің иегері, «Мерейлі отбасы -2022» ұлттық байқауының Жетісу облысы бойынша жеңімпазы Андас отбасының отанасы, «Алтын алқалы» ана.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK