Бүгін Жетісу облысында өтіп жатқан елімізге маңызды күні біздің «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы мамандарының жұмысы 7-00 де басталды. Партиялық емес байқау орталығы өңірдегі барлық сайлау учаскелерін қамтыған. Учаскелік пункттерде жұмыс істеп жатқан мамандардың тәжірибесі бар екеніне кепілдік беремін. Барлығы өздеріне жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарайды. Байқауымызша, дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескерілген. Бұл дауыс беру процесінің қалыпты жағдайда өтуіне септеседі.

Бірер ай бұрын Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда алдын ала дайындалған 10 аудандық үйлестірушіден тұратын облыстық штаб құрылып, стационарлық және мобильдік байқаушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілді. Іріктеу барысында өзімізге жақсы мамандар даярлап алып, бүгінгі науқанға жұмылдардық. Іріктеуден өткен соңғы тренингте төтенше жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі мен алгоритмі, арандатушылыққа қарсы тұру және сайлау процесіне барлық қатысушылардың заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар, оқыту әлемдік стандарттар мен қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы аясында жүруде.

                                                                                       Жанат ТӨЛЕМІСОВА,
                                                                     «Партиялық емес бақылау орталығы»

республикалық қоғамдық бірлестігінің

Жетісу облыстық филиалының басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK