Бүгін жалпы қазақ елінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде. Осыған сай дәл қазір Жетісу облысының орталығындағы сайлау учаскелерінде жұмыс қызған. Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылының тұрғындары да таңмен таласа тұрып өз таңдауларын жасауда.

Ауылда алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне барып дауыс берген 72 жастағы Дүкенова Бағила әже.

— «Елдің ертеңі,  Мемлекетіміздің дамуы әрбір азамат үшін аса маңызды. Сондықтан мен жасым егделеп қаласа да ерте тұрып, сайлауға келіп, өз дауысымды беріп, таңдауымды жасадым. Бүгін ауылымыздағы кәрі-жастың бәрі осылай жасайды деп сенемін. Өйткені, біздің ауылдағы халықтың берекесі жақсы, бірлігі бекем. Берекелі елдің іргесі бекем » -дейді сайлаушы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK