18 жасқа толған әрбір Қазақстандық сайлауда дауыс беріп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға құқылы. Алғаш рет қолдарына сайлау бюллетенін алған жастар өздерін ел патриоттарымыз деп санайды.

     Облыста  алғаш дауыс берген 18 жастағы Абылайхан Нұржанұлы. Болашақта жас жігіт заңгер болуды армандайды.  Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін дейді.

«Менің жасым 18-де. Мен алғашқы рет Президент сайлауында дауыс беріп тұрмын. Бүгінгі сайлау мен үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына маңызды деп ойлаймын.  Бүгінгі сайлауда өзіміздің болашағымызды таңдаймыз деп есептеймін»-дейді сайлаушы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK