Талдықорған қаласындағы «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінде «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға  Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ККМ-нің директоры Күлпан Сейітжанова,  Жетісу  облыстық  С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана директорының міндетін атқарушы Самал Шаяхметова, «Іңкәр» балабақшасының құрылтайшысы Идилов Дидар, «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі МШО бар орталық» директоры Әділжан Сыздықбаев,  халықты  жұмыс пен қамту орталығының маманы Боранбай  Қуатов,  мектеп пен балабақша әдіскерлері қатысты.

 Қонақтар  колледждің жұмысымен танысып,  экскурссия жасалды. Колледждің  атқарушы директоры Руслан Қабдешұлы Жантелов білім берудегі  атқарылып жатқан  жұмыстарға тоқталды.     « Колледжде білімгерлер     «Бастауыш білім беру», «Мектепка дейінгі тәрбие мен оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Кітапхана ісі»  мамандықтарында оқып жатыр.   Қазіргі таңда бұл мамандықтар  ең қажетті деп ойлаймыз. Осы мамандықтарда оқып жатқан студенттеріміздің жеке тұлға ретінде мықты маман иесі болып қалыптасуына жағдай жасау басты міндетіміз. Жалпы оқытудың , кәсіптік іс-тәжірибе бойынша оқытудың және еңбекке араласуына жұмыс берушілермен , басқа да әріптестермен белсенді өзара байланысты  қамтамасыз ететін  білім мен біліктілікке негізделген оқыту жүйесін дамытуымыз қажет»-деді атқарушы директор.

Колледжді бітіруші  жас маманның жұмысқа орналасуы  турасында  дөңгелек үстел өткізілді. Кадр даярлау,  жұмыс іздеушілердің өзекті мәселелері қозғалды.  Өз кезегінде  жұмыс берушілерге студенттер өз сауалдарын қойып, оған тұщымды жауап алды.

Іс-шараның соңында  ұлағат иелері  Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетов пен жергілікті әкімдіктің  Алғыс хатымен марапатталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK