Қазіргі таңда Жетісу облысының намысын  волейболдан «Жетісу» және «Айқаракөз» командалары ел чемпионатында   қорғайтын болады. Жетісулық қос волейбол клубы республикалық чемпионаттарға дайын.

Бұл туралы  Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  басшысы Алмат Үшкемпіров өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Брифингке волейбол клубының спорттық директоры Елена Павлова мен «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы Валерий Беленков қатысып, клуб жұмысымен таныстырды.

Алмат Үшкемпіровтің айтуынша, бүгінде «Жетісу» волейбол командасы құрамында 3 жаттықтырушы, 14 ойыншы, ҚР өңірлерінен 5 ойыншы, 3 легионер бар. Команда Қазақстан Республикасының Ұлттық лигадағы әйелдер арасында Қазақстан Республикасының 8 дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасы кубогының 8 мәрте иегері, Қазақстан Республикасы супер кубогының 3 дүркін иегері. «Жетісу» волейбол командасының бас жаттықтырушысы – Елена Павлова  волейболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері».

Сонымен қатар, спикердің мәліметінше, ағымдағы жылдың  20-28 қазан күндері Петропавл қаласында өткен волейболдан Қазақстан Республикасы кубогында «Жетісу» командасы қола медаль иегері атанып, команда ойыншысы Анна Тарасова жарыстың ең үздік ойыншысы атанған.

Ал, «Айқаракөз» волейбол командасында 3 жаттықтырушы, 14 ойыншы  бар. Команданың бас жаттықтырушысы — Шиндов Валерий Федорович көрінеді.

«Қазіргі таңда, қос команда Талдықорған қаласында ел чемпионатына дайындық үстінде. Басты міндет — волейболдан Қазақстан Республикасының Ұлттық лигадағы әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орындарды иелену», —  дейді спикерлер.

Бұл командалар жанкүйерлерін чемпионаттарда жеңісті ойындарымен қуантады деп сенеміз.

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK