Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру тәртібі

431
фото Айна Файзулдина

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Талдықорған қалалық іс орнының мамандары әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірге арнайы іс-шара ұйымдастырды. Олар шаһардағы  көлік ең көп жүретін І.Жансүгіров көшесіне шығып автокөлік иелеріне жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте электрондық түрде  қалай ауыстыруға болатындығы жөнінде жан-жақты түсінік берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы ауыстыра алатындығы туралы хабарланған болатын. Қазір бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен басқа да облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылуда. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-көшірмесін де жолдап, лайықты төлем төлеуі керек. Атап айтсақ, жүргізуші куәлігі үшін  төленетін баж 1,25 АЕК  яғни (3007 теңгені) құрайды.

Дайын құжатты тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-нен алуына болады. Алуға барған куәлік иесі өзімен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, психологиялық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы ала баруы шарт.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK