Уақыт талабы

530

Мен, Талдықорған қалалық маслихатының депутаты Жансеңгіров Серік Максимұлы ағымдағы жылдың 20 – шы қарашасында өтетін Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезектен тыс сайлауын қолдаймын.

Сайлау – саяси науқан. Бұл – уақыт талабы. Ел президенті саяси жүйені сәл модернизациялау, әлеуметтік бағыттағы реформалар жүргізу, бірақ сонымен бірге геосаяси турбуленттілік жағдайында тұрақтылықты сақтау нұсқаларын іздестіруде.

Сайлаудың өтуі – қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі деп есептеймін. Себебі, Қазақстан Республикасы – өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет.

Әлемдік экономикалық дағдарыс және күрделі халықаралық жағдайда сайлау өткізу оңай емес. Оның ел жағдайына кері әсерін тигізбеу үшін Президентіміз  терең ойластырып, тиісті кеңесулерден кейін шешім қабылдап отыр.

Президент сайлауының негізгі екі себебі бар деп есептеймін. Біріншісі – елдегі және әлемдегі экономикалық жағдай, екіншісі – халықтың президентке деген сенімінің жоғарылығы .

Бұл – жай ғана президентті таңдау емес, жалпы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі позициясы мен ішкі саяси бағыт-бағдарын анықтауға бағытталған саяси науқан.

Алдымызда тұрған президенттік сайлау елдің рухани-саяси есеюінің, азаматтық тұрғыдан, мемлекеттік пейілден ұлттық ұжымдасуға дайын екендігін көрсетеді.

Мен, қалалық маслихатының депутаты ретінде, осынау саяси жаңғырудың мән-мақсатын, идеялық ұстанымын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі, тағдыршешті жолы ақыл мен пайымға, саяси сауаттылық пен сарабдал ойға, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенемін.

​​​​​​Талдықорған қаласы мәслихатының

​​​​​​депутаты, медицина ғылымдарының

​​​​​​кандидаты С.Жансеңгіров

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK