Жуырда  В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Кітап тайм-2022» жалпы республикалық  кітап фестивалі өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы алғанда бұл шара   кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатында қолға алынып отыр.

Талдықорған қаласының №12 мектеп-гимназиясының  8 сынып оқушылары, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары  кітапхана қызметкерлеріне барынша көмектесіп, қолдау білдірді.

 Кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы бағдарламалар дайындалды. Шара шымылдығын Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлпан  Сейітжанова ашып, ақылдың кені кітаптың құндылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру жайында сөз қозғады. Фестиваль аясында  кітапхана қызметкері «Кітаптың шығу тарихы» жайлы қызықты ақпаратпен бөліссе, оқушылар арасында «Тапқыр болсаң тауып көр» кинодан  үзіндіні табу, «Әдебиет әлеміне саяхат» интеллектуалды   ойынын ұйымдастырды.

Айтар болсақ,  «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері  Эдуард Веснин, Ангелина Иванова, Рустем Заритовский «Менің сүйікті кейіпкерім» атты  сурет байқауына қатысып, белсенділік танытты. Олар өздері бейнелеген  кейіпкерлері жайлы ойларымен бөлісті.

 Фестиваль №19 мектеп-гимназиясының оқушысы Сауран  Өмірғалидің  «Мен қазақтың ұлымын» атты әнімен жалғасып,  оқушылардың әдемі биімен аяқталды.  Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK