Telegram мессенджері каналдары «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысының тыйым салынған материалдарын өшіру туралы сот өкімін орындамаса, Қазақстан билігі мемлекет территориясында аталған мессенджерді бұғаттайды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтты, — деп хабарлайды baq.kz.

Астана қаласы Есіл аудандық соты наурыз айында ҚДТ тіркелмеген қоғамдық қозғалысын экстремистік деп танып, оның мемлекет аумағында жұмысын жалғастыруына тыйым салды. Аталған ұйымға бұрынғы банкир және шенеунік Мұхтар Әблязов төрағалық етеді.

Министр Telegram месенджерінің мекенжайына ресми хабарлама жіберілгенін айтты. Аталған хабарламада жіберуші тарап Қазақстан территориясында ҚДТ материалдарын көрсетуге тыйым салу және оларды жоюға қатысты шаралар қолдануды сұраған.

«Бүгінгі таңда жіберген ескерту қағазымызды Telegram әкімшілігі қарастырып жатыр. Сондай-ақ, сот шешімі орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес министрлік мессенджерді ел территориясында толықтай бұғаттауға мәжбүр болады», — деді Абаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK