Қазіргі халықаралық және өңірлік қақтығыстар кезінде, әсіресе посткеңестік кеңістікте орын алып жатқан жағдайларда мемлекеттілігімізді нығайту ерекше маңызға ие. Саяси жүйе институттарын қайта жаңарту – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде сайлау халық бірлігін нығайтуға, азаматтық қоғам мен биліктіңүйлесімді әрекет етуіне ықпал ететін болады. Демократиялық және орнықты жаңа саяси модельді қалыптастыру – Қазақстанның тұрақтылығы мен тұтастығын, оның сыртқы және ішкі сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттырады.

 

                                                  Гүлмира Изатова,

Мойнақ ауылдық аналар

                                                        кеңесінің төрайымы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK