Президент сайлауын соңғы үш жылда жүзеге асқанбарлық саяси реформалар тұрғысынан қарастырған жөн. 2019-2022 жылдары Президенттің саяси бастамаларының өте үлкен пакеті заңнамалық деңгейде іске асты. Енді қазір сайлау арқылы аталған реформаларды нақты орындау, оны бекіту кезеңі басталды. Бірінші кезеңде біз Конституциялық реформа өткіздік, референдумда Ата Заң 30 пайызға жаңарды. Одан кейін Президент, Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттарды сайлау қажет. Осылайша, Президент және Парламент сайлауын кезең-кезеңімен өткізу арқылы, біз ең алдымен, еліміздің саяси жүйесін қайта жаңартамыз.

Мұхтар Ахмежанов, «Талдықорған қаласы

Ауғанстан соғысы ардагерлерінің ұйымы»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK