Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет сайлаудың өтетін мерзімі алдын ала жарияланды. Айталық, Президенттің кезектен тыс сайлауының өтетінін Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында мәлімдеді.  Көп өтпей  Жарлыққа қол қойылды. Бұл бір тарихи сәт екені анық. Қоғамдық талқылау өткізуге және алдын-ала дайындық жасауға уақыт жеткілікті болды. Бұған  дейінгі саяси дәстүр бойынша кезектен тыс сайлаудың уақытын жариялау мен Жарлыққа қол қою бір күнде болатын. Сонымен қатар, Президент алдағы Парламент сайлауының уақытын кем дегенде алты ай бұрын жариялады. Барлық саяси күштердің (партиялар мен бір мандатты округтер арқылы сайланатын кандидаттар) алдағы Парламент және мәслихат сайлауларына дайындалуға жеткілікті уақыты бар.

С.Қарамулдинова,

Талдықорған қаласы қоғамдық

келісім кеңесінің төрайымы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK