Парламент  Палатасының жалпы отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдауға қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап.

Түзетулерге сәйкес, Республика күні мемлекеттік мереке ретінде 25 қазанға және Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде 16 желтоқсанға бекітілген. «Осы заңға сәйкес 25 қазан — Республика күні, мемлекеттік мереке болып бекітілді. Бұл — тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз, — деді Мәулен Әшімбаев.

 Айта кетсек,  Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері болып есептеледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK