Балалар жылы аясында   және Қала күні қарсаңында «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күнін өткізді.

Бұл аталмыш шараға қаланың мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының  студенттері  қатысты. Сонымен қатар, архивтің жеке тектік қор иелері болып табылатын қаламыздың танымал азаматтары да өз үлестерін қосты.

  Жалпы айтқанда,  мұрағат  қызметкерлері жеке қор иелерінің құжаттарынан көрме ұйымдастырып, келушілердің назарына фотоальбомдардан топтама ұсынды. Келушілер жалпы архив бағытының қызметімен, жұмыс барысымен танысып мол мағлұмат алды

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, архив қоймаларына экскурсия  жасалған.  Келген қонақтар ол жерде  мемлекеттік сақтаудағы ең көне құжаттармен, яғни Жетісу өлкесінің 1850 жылдан бастау алатын  шіркеу кітаптарымен, Лепсі және Жаркент уездерінің аса құнды құжаттарымен, партия және комсомол ұйымдарының және  көптеген құнды дүниелермен танысу мүмкіндігіне ие болды.  Оқушылар мен студенттерге архив өміріне қатысты викториналық сауалдар қойылды.  Олар тарихымызды қаншалықты білетіндіктерін көрсете алды. Жеңімпаздар сыйлыққа ие болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK