Талдықорғанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобыланды Манап облыс әкімінің аппарат жетекшісі Нұржан Егінбаев Әдеп жөніндегі уәкіл Ғабит Тұрсынбай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Департамент басшысының айтуынша,  ынтымақтастықтың басты мақсаты –қызмет өтеу барысында әдеп нормаларының сақталуын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексінің бұзылуының алдын алып, профилактикасын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғау әрі қалпына келтіру. Сонымен бірге  аудандық, қалалық жергілікті Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жандандыру.

 Осы орайда жасалған меморандум шеңберінде негізгі нысаналы индикаторлар арқылы аймақтың атқарушы органдары  Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін бағалаудың өңірлік әдістемесі бекітілді. Осыған байланысты енді тоқсан сайын олардың қызметін бағалау бекітілген түйінді нысаналы индикаторлар негізінде жүргізілмек. Түйінді нысаналы индикаторлар- Әдеп жөніндегі уәкілдері қызметінің тиімділігін анықтайтыны сөзсіз.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK