Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында еліміздің Конституциясына түзетулер енгізуді Мәжіліс пен Сенат депутаттары бірауыздан қолдады.
Оның ішінде ел Президентінің 7 жылға бір рет ғана сайлана алуы туралы тармақ ерекше маңызды. Расымен бұл бағыт еліміз үшін мемлекеттік басқарудың жаңа қадамы. Аталған бұл норманы қайта өзгертуге болмайтындығы туралы да ескерілді. Бұл өз кезегінде мемлекеттің даму бағдарының ашықтығын және тұрақты болатындығының көрсетіп отыр.
Әлемдік практикада президенттердің бірретік сайлануы бар және бұл ешкімге таңсық емес. Ал ТМД елдерінің ішінде саяси реформаның бұл бағыты алғашқылардың бірі болып біздің елде қолданылып отыр.
Ендігі кезекте президент бастамаларының оң нәтижелерін көріп, келешек ұрпаққа демократиялық дамыған мемлекеттің үлгісі ретінде көрсете білуіміз қажет. Әрине 30 жыл ішінде елімізде жасалған саяси реформалар әр түрлі, бірақ бұның барлығы ел дамуы үшін және мемлекетіміздің қоғамдық-саяси, әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы жасалынып жатқан жұмыс деп білемін.
                                                                                                                 Досан Каримов,
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK