Саяси реформалар іске асуда

336
Дереккөз

Елімізде саяси реформалар толқыны қыркүйек айында көбейе түсті. Оған бір дәлел ретінде мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауда президенттердің 7 жылға 1 рет сайлануы жайында бастамасы көтеріліп, Парламент қабырғасында 16 қыркүйек күні іске асты. Сонымен, Парламент еліміздің Конституциясына түзетулер енгізуді бірауыздан қолдап, құжат президентке қол қоюға жіберілді. Ендігі кезекте мемлекет басшысы 7 жылға бір рет ғана сайлана алады және алдағы уақытта бұл норманы қайта өзгертуге болмайтындығы да ескерілді. Сонымен қатар, Парламентте қазақстандықтарға енді Конституцияны өзгертпеуге уәде беріп, мәжіліс спикері Ерлан Қошанов алдағы уақытта елімізде әділетті қоғам құрып, бейбіт те берекелі өмірдің орнығуын қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Жалпы, еліміздегі жүргізіліп отырған бұл реформаларға қазақстандықтардың оң пікірін көрсетіп отыр, оған түрлі әлеуметтік сауалдар мысал. Менің тарапымнан да бұндай бастамаларға оң пікірімді білдіремін, себебі кез келген бастаманың артында мемлекеттің дамуы және келешегі тұр.

Қарлығаш Жексембайқызы – Талдықорған қалалық мәслихат депутаты

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK