Президенттің осы жолғы Жолдауында көптеген мәселелер көтерілді. Мәселен, балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу туралы нақты тапсырмалары, әлеуметтік  теңсіздікке жол бермеу, тұрмысы төмен отбасының балаларына тиесілі жағдайларды қарастырып, қоғамдағы сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек екеніне тоқталды. Жұмыссыздықты болдырмау және пайдалы мамандықтардың тапшылығын жоюға бастайтыны жағымды жаңалық болуда.

 Өзім де ұстаз ретінде Президет Жолдауында  қарастырылған жаңа реформалардың өскелең ұрпақ үшін, халық үшін, тиімді өзгерістерге бастайтынына сенеміз. Отанымыздың  дамуы мен жаңаруы жолында туған өлке, өңірімізде еңбек ету біздің басты парызымыз. Президент Жолдауының түйінінде  ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекіткенін тиек ете отырып, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге ынталандыруда деген пікірдемін.

                                                                                                   Жұлдыз Ержанова,

                                                    №7-бөбекжай бақшасының педагог-психологы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK