Мемлекет басшысының  Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында  кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықтың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты  халыққа арнаған Жолдауында,  «Мемлекет қаржылай көмек жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді»- деп атап көрсетті.

 Атап айтқанда, биыл жұмыспен қамту бағдарламалары Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жаңаша бағыт алды. Осыған дейін,   «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып, көптеген жұмыстар атқарылды.

Енді « Кәсіпкерлікті дамытудың  2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына» сәйкес әзірленген мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жалғасуда.

 «Ұстаздың  биігі  ойлана қарасаң – биіктей  береді, үңіле қарасаң – тереңдей береді, қол созсаң – қарсы алдыңда, айналсаң – артыңда тұрғандай», деп  Сократ айтқандай,   еліміздің алдыңғы қатарлы  мемлекеттің қатарына қосылу ісінде   болашақты білімді етіп  дайындауға  өзіндік үлес қосып жүргендер аз емес.

 «Еңбек» бағдарламасының шарапаты көптеген жұмыссыз азаматтарға, өз ісін бастауға қаржы таппай отырған талайларға көмегін тигізді.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі , Талдықорған қаласының тұрғыны Жүніс Әйгерім Жүнісқызы  2021 жылы « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы»  негізінде  оқып, жеке бизнес-жоспарын әзірлеп, 2022 жылдың сәуір айында 1 225 200 теңге (400 АЕК) мөлшерінде грант алды.

Бұл ретте,  Әйгерім алған ақшаны бастауыш сыныптарды дайындау бойынша білім беру орталығына қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсады.  Бұл орталығы «Жастар» шағын ауданына алдағы уақытта ашылмақшы. Алысқа көз жіберіп, алдағы күнге болжам жасап отырған кәсіпкерқазіргі күні «Smartstudy» -да еңбек етеді.

 Әйгерім Жүнісқызының айтуынша,   мұндай бағдарламалар шағын  және орта  бизнесті дамыту үшін маңызды қолдау .  Осындай  табыс әкелетін сүйікті іспен айналысуға мүмкіндік беретін   мемлекеттік қаржыландырудың  қолға алып жатқандығына дән риза.

-Қандай да бір кәсіптің өркендеуі үшін үлкен салым қажет. Жастар үшін айтулы бағдарламалардың болуы олардың ойға алған армандарын іске асыруға септігін тигізері анық. Өзім де  информатика, бастауыш сынып мұғалімі     мамандығын алдым. Біраз жыл  жекеменшік білім ордаларында қызмет жасадым. Білімімді жалғастырып, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілін меңгердім. Бүгінгі таңда алған білімім  көпшілікке бірнеше саланы    меңгертуге өз септігін тигізуде. Қазіргі кезде балаларды  мектепалды даярлықтан бастап, бастауыш сыныптарда  жақсы оқуына көңіл бөлуіміз керек. Лингвистика бойынша қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерін үйретеміз.Үлкендердің де, мектеп жасындағы балалардың да қызығушылығы ерекше.  Балаларды топпен де және жекелей де оқыту бағдарламаларына сай дайындаймыз.  Сондай-ақ, логопедтік қызмет те бар. Біздің өзіндік жетістігіміз де бар. Алматы облысы бойынша математика пәнінен интеллектуалдық олимпиадада 1-орынға қол жеткіздік.

Бұған қоса,  мектеп оқушыларын  жаңа оқу орталығында  IT  саласында  білім алуға бағыттаймыз.  Осылайша, алда  компьютерлік бағдарлама, компьютерлік модельдеу бойынша үйрету орталығын  ашуға талпынып жатырмыз,- дейді кәсіпкер Әйгерім.

Талдықорған қаласының балалары білімді де алғыр болуына  білім ошақтары ғана емес, сүйемелдеу, талаптандыру бағытында жұмыс жасап жатқан  жеке оқыту орталықтарының да өзіндік пайдасы тиюде. Күні бойы жұмыста жүретін ата-аналар мектеп жасындағы балаларын үй тапсырмасы мен қосымша пәндерден дәріс алуға осындай орталықтарға ақысын төлеп жіберетіндігі біздің қоғамда таңсық емес. Әйгерім Жүнісқызындай еңбек етушілер қатары көп бола берсін.  Тек қана өзім үшін деп емес, өзгелерге де пайда келтіру жағын ойластырса. Ең үлкен жетістік – өзгелерге пайда келтіру, қоғамға пайдалы іс тындыру.

                                                                         

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK