Жетісу облысының орталығында  орта жастан асқан ер адам абайсызда кәріз құдығына құлап кеткен. Шақыру бойынша оқиға болған жерге  жедел құтқару жасағының жеке құрамы және медициналық жедел жәрдем қызметкерлері келген. Дереу іске кіріскен құтқарушылар жергілікті уақыт сағат18-ден 45 минут өткенде тереңдігі 2 метрге жуық шұңқырдан құлаған азаматты аман алып шығып, денсаулығын тексеруге «Жедел жәрдем» дәрігерлеріне табыстаған.

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, кәріз құдығының ауызы фанерамен жабылған. Алайда ер адамның салмағының өте ауыр болғандығынан фанера жарылып кеткен.  Оны құтқаруға 5 құтқарушы, 1 техника және 1 «Жедел медициналық жәрдем» бригадасының бірнеше маманы  жұмылдырылған. Бүгінде құдыққа құлаған азаматтың аздаған дене жарақатын алғаны болмаса, жалпы денсаулығы жақсы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK