Мектеп  білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді.  Бүгінгі күні еліміз бойынша сан мыңдағын бүлдіршін  мектеп табалдырығын  тарыдай болып аттап, он бір  жылдан соң сапалы білім, саналы тәрбие  алып, таудай  болып  шығары сөзсіз. Осынау алғашқы қоңырау салтанатына Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев та қатысты. Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектепте өткен шарада оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды құттықтап сөз сөйледі.

 «Құрметті  оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қауымы!  Баршаңызды бүгінгі  Білім күнімен, жаңа оқу  жылының  басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Биылғы  2022 -2023 оқу жылы  «Білімді  ұлт: терең білім, еңбекқорлық  және  отаншылдық қасиет»  ұранмен бастау  алып отыр.  Осыған орай мектеп қабырғасында  білім алып жатқан ұрпақтарымыз ақылды да  білімді азамат болып, отансүйгіштің рухтарының мықты болатынына сенеміз. Оқушылар бар  бүгінгі  таңдағы  тамаша заманның  мол мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім – білім жинауға асықсын.  Шоқан аталарыңыз сияқты   озық ойлы, өрісі кең, Отаны  десе жанын беруге дайын, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! –деді қала басшысы.

Бұл ретте ұстаздар қауымын да құттықтап,  жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы  қажырлы да  өлшеусіз еңбектеріне шығармашылық игі бастамалар мен  педагогикалық  ізденіс, жаңа серпін, толағай табыстар тіледі.

Өткен оқу  жылында  бұл аталмыш   мектептің  атын асқақтатқан   өрендер  көптеп саналады екен.  Мәселен, республикалық бизнес-стартап байқауының  бас жүлдесін  ұтып алған Асқар Рахимов өз таңдауымен мемлекет грантпен оқуға түсіпті.  Тағы да 30 оқушы ЖОО грантын иеленіп студент атанып отыр.  Мектеп шәкірттерінің жетістіктері айтарлықтай. Қалалық және  облыстық деңгейлерде  өткен пікірсайыстың және басқа байқауларда үздік өнер көрсетіп келеді екен. Оқушылар ұстаздарға ән арнап, би биледі.

Алғашқы қоңырау қаланың барлық мектебінде салтанаты түрде соғылды. 1-сыныпқа келген оқушылар үшін бұл күн ерекше саналады. Талдықорған қаласы бойынша биылғы оқу жылында 3800-ден аса  бала мектеп  табалдырығын аттап, партаға алғаш отырды.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK