АҚШ-тың бес үздік университеті талдықорғандық оқушыға білім беруге ниет танытып отыр, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Талдықорған қаласының тұрғыны Антон Моргунов Назарбаев Интелектуалдық мектебінің оқушысы. Ол АҚШ-тың бірнеше жоғарғы оқу орындарына құжаттарын тапсырған. Атап айтсақ, Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеті және Калифорниялық технологиялық институты оқушыны қабылдауға дайын екендерін жеткізген. Сондай-ақ, А.Моргунов өткен жылдың желтоқсан айында Массачусетс технологиялық институтының грантын жеңіп алған екен.

Алайда, ол әзірге нақты шешім қабылдамаған. Айтуынша, MIT, Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеті және Калтех институттарының бірін таңдауға ниетті. Бір-екі айдың ішінде соларды зеріттеп көру ойында бар. «Негізінде таңдау кішігірім заттарға байланысты болады: климат, орналасқан жері, орталықтардың жақындығы, студенттік қоғамдастықтардың жұмысы дегендей.. Себебі, академиялық жоспарда — олардың барлығы адам нанғызысыз өзгешеліктерге толы», — дейді оқушы өзінің жеке блогында.

Айта кетейік, Антон Моргунов соңғы екі жылда химия пәні бойынша беделді жарыстардың жеңімпазы атанған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK