Онлайн тіркелуге жиырма минут жеткілікті

353
дереккөз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі берген мәліметінше, енді электрондық үкімет порталында азаматтардың тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу тәртібі өзгерген. Оған бар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ, бұл қызмет түрін пайдаланушылар небәрі 20-ақ минут жұмсайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша биылғы қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал, үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап портал арқылы  тұрғылықты жері бойынша тіркелу айтарлықтай жеңілдетілген. Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс. Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минут ішінде өңделеді. Содан  соң тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады. Бұл қызметке электрондық-цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK