«Бала — болашағымыз».  Сондықтан балаларды ерекше күтіп, тәрбиелеу керек. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда, бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-­жақты жетіледі.

Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отырмай, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, бала сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық болмайды, адамдармен тез араласады. Балабақша ең алдымен баланы тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ойлау қабілеттерін арттыру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата­ бабаларымыз айтқандай, баланың тәрбиесі бесіктен басталады, яғни тәрбиенің негізі отбасынан бастау алады. Балабақша, одан кейін мектеп адамның қоршаған ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймыз. Балаларымыз  аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ.

Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» — деген тамаша сөз бар.

Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның да алатын орны ерекше. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен тәрбиешінің басты міндеті.

«Балабақша ­ тәрбиенің алтын бесігі»,-дей келе №7 ясли бақшасының меңгерушісі Мамекова Ұлтуар Мұхамерқызына, әдіскерлері Умирбаева Арайлым Толғанбайқызы мен Атманова Эльмира Ықыласқызы, тәрбиешілеріміз Сая Жігербек пен  Ізтілеуова  Асем апайларымызға мың алғыс айтамыз!

 

Ізгі тілекпен: №7 ясли бақшасы ересек «Балдырған» тобының ата-аналары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK