Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов өз кезінде басылымдарға қарата :«Заманымыздың көзі,  құлағы,  һәм тілі»  деп жоғары баға берген. Бүгінгі  күні журналистер қауымына қойылар талап пен артылар жүк те ауырламаса жеңілдеген емес деген пікірдемін.

«Заманына қарай адамы»  деген,  осы міне! Олардың ойлары ұшқыр,  тілдері шұрайлы,  ой-өрістері бай, қаламдары жүйрік,  терең психолог,  инновациялық технологияны меңгерген, өзі экономист,  өзі заңгер,  бір сөзбен айтқанда жан-жакты дамыған жеке тұлға болуы тиіс. Олай болмаса,  жақсы журналист болу  екіталай. Кезінде біз, алпысыншы жылдары туғандар,  орыс классигі Антон Павлович Чеховтың: «Адамның сөйлеген сөзі,  киген киімі, күлген күлкісі,  тіптен,  ойлаған  ойына дейін  әдемі болуы керек»  дегенді ойға түйдік. Дәл осы баға журналистерге де тән. Қазіргі  көрермендер  мен оқырманның  санасы ояу,  көзі қарақты жандар. Олар облыстық газеттер мен  телеарнаны да, сүйікті  қаламызбен  аттас «Талдықорған» газетіндегі журналистерді танып,  жазғандарын оқып,  зерделеп отырады. Өз басым Талдықорған» газетінің әр нөмірін  тосып жүріп оқимын.  Уақыт тарда қысқа жазылған хабарламалар мен мақалалардың да берері көп, оның  үстіне  қаламыздың  тыныс-тіршілігін білгің келеді. Осы тұста көңілден шығатын дүниелерді тез таба аласың. Журналистерінің еңбекқорлығы,кәсіби, шыңдалған шеберліктері, мамандықтарына деген берілгендіктері сезіліп тұрады. Осыған қарап, қарадай риза  боласың.

 Мәселен, осы жерде ұзақ жылдан бері қызмет жасап келе жатқан  Д. Мәкен, Г. Нұршанова, А.Уразаева сынды  қалам ұстаған тілшілер қауымы жетерлік.  Олардың  қалам тербемейтін  саласы  жоқ. Нық  та  жинақы,  «айналасы  теп-тегіс келген» мақалалары  сүйсінтеді.

Барлық журналистер қауымын кәсіби  мерекелерімен құттықтап,  дендеріңе саулық, отбасыларына амсндық, қаламдарына ұшқырлық, тұрақты,оқырман  ретінде тілеймін.

                                                                                             Биғайша Серікболқызы,

                                                                                                        ұлағатты ұстаз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK