Мен осы  Талдықорған қаласының байырғы тұрғынымын. Елдің дамуына үлес қостым. Қалада сонау 70-жылдары тұрғызылған  тұрғын үйлердің  салынуына құрылысшы ретінде және де халыққа газет-журналдың уақтысында жеткізіп тұруына да өз үлесімді қостым. Әрбір тұрғын үйдің алдына пошта жәшіктері орнату міндетін атқардық.

Ол кезде әр отбасы ондаған республикалық болсын, облыс пен аудан болсын басылымдарды жаздыртып оқитын керемет дәстүр болатын. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін үйде отырмаймыз, бүгінде жасым 85-ке келді.  Тоғызқұмалақ тәрізді ұлттық ойынды дәріптеп келемін. Қала көлемінде ғана емес, облысаралық жарыстарды топ жардым. Қалалық «Талдықорған» газетінің бірнеше жылдан бері жаздырып, әкетіп тұрамын. Тұрақты оқырман деп айтуға болады. Апта сайын газет редакциясына бас сұғып, келіп тұрамын.Аталған басылымның ақпарат кеңістігінде өзіндік лайықты орны бар. Халықтың қоғамдық пікірін қалыптастыруда ықпалды рөл атқарып келеді. Газет бетінде қоғамдық өмірдің сан саласын қамтитын тақырыптар жазылып келеді. Қала ғана емес, өңірдің, еліміздің тыныс-тіршілігін табуға болады.

Қаламыздың, облысымыздың  тыныс-тіршілігін, алған асулары мен жеткен жетістіктерін халыққа жүйелі жеткізуші мазмұны байыған, ойы кемелденген басылым  бетінде мәдени-рухани дүниелермен қатар, саяси, тарихи, танымдық мақалалар қатары көбейіп келеді. Талдықорған қаласының ресми басылымы ретінде, оның  барлық тыныс-тіршілігіне қатысты оқиғалардың барлығы газет назарынан тыс қалмайды. Ал, бүгінгі оқиғалар-ертеңгі шежіре емес пе?

                                                                                          Айтмолда Сүгіртегі,                                                                                        Талдықорған қаласының тұрғыны.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK