Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеген болатын.
Атап айтқанда, 110 адам індетке шалдыққан. Осылайша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың барлық саны 1 306 471 адамға жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 29,
Алматы қаласында — 56,
Шымкент қаласында – 7,
Ақмола облысында – 2, Алматы облысында — 1, Атырау облысында — 2,
Жамбыл облысында — 4, Қарағанды облысында — 6,
Павлодар облысында — 1,
Солтүстік Қазақстан облысында — 2.
Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандар саны кеше, 28 маусымда 61 адамды құраған болатын.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирустан жазылып шыққандар саны 48 адамға тең болды.
