ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен еліміздегі әртүрлі әлеуметтік жобаларды қолдау мақсатында өткен жылы «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ашылған болатын. «Уақып» сөзі араб тілінен аударғанда қайырымдылық деген мағынаны білдіреді. Өзінің атауы айтып тұрғандай аталмыш қордың негізгі жұмысы – әлеуметтік әлсіз топтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

Сонымен қатар, жаңа қордың қызметі діни экстремизмнің алдын алуға, имамдардың кәсіби біліктілігін арттырып, дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Еліміз бойынша қолға алынған игі бастама біздің облыста да жүзеге асуда. Жаңа қордың құрылтайшылары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы мен дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы. Қордың жұмысы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, діни бірлестік қызметкерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталған. Қор қызметінің ашықтығын және қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ететін қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды.

Дереккөз

Осы тұста «Уақып» қорының әлеуметтік аз қамтылғандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетуді де қоса атқаратынын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, мамандардың біліктіліктерін көтеру және елді-мекендердегі діни бірлестіктердің әлеуметтік мәселесін шешуді де көздейді. Әсіресе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын имамдарға, ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсету мәселелерін де қолға алып отыр. Айталық, ай-сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері 50-60 мың теңге. Яғни, облыс аумағында 436 исламдық мешітте 527 имам ұстаздар жұмыс істейтінін ескерсек, мұндай қолдау көптеген адамның тіршілігіне сеп болып, жұмысына қарқын беретінін білуге болады.

Бүгінде «Уақып» қоры арқылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы және Талдықорған өңірі бойынша өкілдіктеріне қарасты жағдайы төмен 21 ауылдық мешіттің имамдарына жалақы төленуде. Биылғы жылы тағы да 10 имамның кандидатурасы ұсынылып, стипендияға ие болу мүмкіндігі туды.

Әрине, дәстүрлі дінді насихаттау үшін ең алдымен осы салада жұмыс істеп жүрген діни қызметкерлердің материалдық және маралдық жағдайы шешім етілуі керек. Осы тұста осындай адамдарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, көмектесіп отырған «Уақып» қорына және қайырымды істі бастаған азаматтарға жұрт дән риза. Игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын тауып, көптің көңілінен шыға беретіндігіне сенімдіміз.

Реквизит фонда «УАҚЫП»

Корпоративный благотворительный фонд «Казахстанский фонд «УАҚЫП»  г. Астана пр. Кабанбай батыр дом 28, офис 5

БИН: 170740000147

РНН: 620500086324

ИИК: KZ 136010111000051511 ( KZT) основной счет

БИК: HSBKKZKX

Банк: АО «Народный Банк Казахстана» г. Астана

Президент : Айтбай Қайрат Орынбайұлы

Фактический адрес:

Республика Казахстана г. Астана, ул. Сауран 1, офис 403

«Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ

«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK