Балалар қауіпсіздігі бәрінен қымбат

616

Оқушылар сарайында «Балалар мен жасөспірімдердің судағы жүріс-тұрысы, жол қауіпсіздігі мен жарақаттанудың алдын алуды қамтамасыз ету туралы» облыстық семинар өтті. Жиынға аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің жауапты қызметкерлері мен мектеп басшылары, ішкі істер басқармасының жол-патрулдік полиция, төтенше жағдайлар қызметінің  өкілдері шақырылыпты.

Алматы облыстық  білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғащқы  әскери дайындық және қосымша  білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры  Дөсет Байділдин жақын арада оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады.Лагерлер ашылып, жұмыс жасаған кезде  қандай қауіпсіздік талаптарын  сақтау  керектігі турасында сөзін сабақтады.

 Облыстық төтенше жағдайлар департаменті  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесінде суға шомылу кезінде қандай қағидатты есте сақтау керектігі жайында бейнеролик көрсетті. Демалыс орнында кез келген  жерге от жағып, оны көмусіз тастап кетуге болмайтындығы  да ескертілді.

Ал  күн ыстықта балалар суға түсуге де әуес.  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ  оқытушысы Г.Галиева   суға түсудің  қарапайым ережелерін  сақтау тұрғысында баяндама жасады. Алматы облыстық ІІД  ЖПҚ аға инспекторы Е.Құдайбергенұлы да балалардың жол қозғалыс ережелерін сақтамай түрлі жарақаттар  алу  жағдайлары  жиілеп бара жатқандығына алаңдаушылық танытты.

Ал облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Қыдырбаева балалардың қауіпсіздігі, ата-аналардың жауапкершілігі турасында ойын білдірді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK