ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ –ке  сілтеме жасап  taldykorgan-online.kz.

 «Алдағы оқу жылындағы білім беру процесіндегі ерекшеліктердің бірі — 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс енгізу болып отыр. Курс оқушылардың зерттеу, талдау, коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған. Академия жобамен танысу үшін өңірлік әдістемелік орталықтарға жіберді. Қазірдің өзінде сайтқа орналастырылды. Оқу процесін ұйымдастыруға қатысты кейбір тұстарын НҚА бекіткен соң соңғы өзгерістер енгізіліп, хат мектептерге жіберіледі», — дейді Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK