«Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

507
фото Сымбат Исрапулова

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйтқы болуында «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы жоғарғы оқу орнында өткен  мектептің ашылу салтанатына аймақтағы Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев қатысып, жаңа білім беру орынының қолайлылығы жөнінде кеңінен түсіндіріп берді.

фото Сымбат Исрапулова

Жиналған қауым алдында сөз алған Серікбай Өрікбайұлы: «Біздің бұл  мектепті ашудағы басты мақсат – жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту ісінде белсенді жастарды тәрбиелеу. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтің беделін көтеру жолында Университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан үздік студенттерін іріктеу. Осы арқылы жастарға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын жан-жақты түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

«Жетісу» қызмет мектебі студенттерін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ақпараттармен, әдістемелік құралдармен және өзге де танымдық материалдармен толық қамтамасыз етеді. Бұл болашақ мемлекеттік қызметшілердің пулын қалыптастыруға зор мүмкіндік береді» – деп, атап көрсетті. Осыдан соң  университет пен департамент арасында «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебін ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK