Талдықорғанда 60 адам баспаналы болды

192

Талдықорғанда Тәуелсіздік күні қарсаңында 60 азаматқа баспана  кілті табыс етілді. Облыс орталығындағы 8-ші шағын ауданда бой көтерген  5 қабатты бұл үйлерді белгілі кәсіпкер Дархан Тілеулесұлы өз қаражатына тұрғызып қала әкімдігінің иелігіне өткізген. Аумағы абаттандырылып құрылыс жұмыстары толық аяқтаған жаңа баспана үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар санатындағы азаматтарға үлестірілді.

Жаңа қоныс иелерін жүрекжарды қуанышымен құттықтаған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мен демеуші Дархан Ардабаев ізгі тілектерін жеткізді.

Шаһар басшысының айтуынша, бүгінде Талдықорған қаласында 15 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Биылдың өзінде олардың біразы баспаналы болған. Президент тапсырмасына сай халықты баспанамен қамту ісі бұдан былай да  өз жалғасын таба беретін болады. Ал, бүгін міне қабылданып жатқан шаралардың арқасында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 60 отбасы демеуші азаматтың көмегімен қоныстойын тойлауда.

Сөз кезегінде жаңа қоныс иелері облыс және қала әкімдеріне сондай-ақ жеке қаражатына мұқтаж адамдарға үй тұрғызып берген Дархан Тілеулесұлына  айрықша алғыс айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз