Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында бірқатар өзгерістер бар. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10,2 млрд. теңгеге орындалған.

Сондай-ақ, ауылшаруашылығы 1,4 млрд  теңгенің өнімін құраса (көлем индексі 114,6 %), құрылыс жұмыстарының көлемі 1,3 млрд теңгеге орындалып отыр. Яғни, 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,5 есеге өскен. Осы орайда тұрғын үйді іске қосу  қаңтар-ақпан айларында 1,0 мың шаршы метрді құраған (9,3 %).

Дереккөз

Инвестицияның негізгі капиталға тартылуы 3,4 млрд. теңгегені көрсетеді, нақты көлем индексі 143,6 пайыз. Жүк айналымының 138,8 млн.ткм, немесе 103,0 пайыз. Бөлшек тауар айналымының көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 7,9 млрд.теңгені құраған, нақты көлем индексі 100,3 пайыз. Сонымен қатар, жолаушылар айналымының ауқымы 434 млн.пкм, немесе 106,0 пайызды құрайды.

Ал, ағымдағы жылдың 1 наурызында Талдықорған қаласы бойынша  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі тіркелген заңды тұлғалар саны 2879 екендігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда оның 1530 жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі тіркелген жеке кәсіпкерлер  саны 12356, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 9863.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK