Қазақстан Республикасы Конституциясының 91 бабының 1 тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 бабына сәйкес 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізіледі.

Осыған орай, Орталық сайлау комиссияларынан бастап, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар осынау маңызды науқанға білек сыбана кірісіп кетті. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының тізімін бекітіп, арнайы құрылған штаб мүшелері жер жерлерде халықпен кездесулер ұйымдастырып, референдумның маңыздылығын түсіндіруде. Жалпы 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланған. Өзгертулердің қатарында Конституциялық сотты қайта құру, парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері де қамтылған. Аталған конституциялық реформалар билік тармақтары арасындағы қатынасты жетілдіріп, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндігін кеңейтуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

