Жеңіс күні мерекесі қарсаңында  Талдықорған қаласы Еңбек ауылында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Спорттық сайыс Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдыл Медетбековтің 100 жылдығына орай еске алуға арналған. Аталған іс-шараға 2010-2012 жылдары өмірге келген жас жеткіншектерден 253 спортшыдан құрам тапқан Шығыс Қазақстан облысы,  Алматы, Талықорған, Жаркент қалаларынан және аймақтағы Ақсу, Көксу, Ескелді, Сарқан, Қаратал, Панфилов, Іле аудандары мен Еңбек ауылынан жалпы 12 команда қатысты.

Жиналған қауым алдында сөз алған Өтенай ауылының әкімі көпшілікті 9 мамыр мерекесімен құттықтап қатысушыларға сәттілік тіледі. Үш күнге жалғасқан жарыс бірнеше салмақ дәрежесі бойынша қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Атап айтсақ, 24 келіден сынға түскен  Еңбек ауылының  Арнұр Ержанұлы бірінші,  Талдықорған қаласының Жұмағұл Абзал екінші, Іле ауданынан келген Оразғали Темірлан, Төрехан Нұржұма үшінші орындарға лайық деп танылса,  27 келілік салмақ бойынша Жаркент қаласынан  Нұрмаулен Диас бірінші бәйгені, Жаңбырбай Досжан екінші орын, Еңбек ауылы және Көксу ауданынан Тілеухан Ералы, Ахметов Әмір үшінші орын жүлдегері атанды. Сондай-ақ, 30 келілік салмақтан сынға түскен көкталдық Кәрибжан Нұрбек 1-орынға, сарқандық Аментай Марғұлан 2-орынға, Ескелді ауданы және жәркенттік Сейтнұр Әлібек Тохтамберды Рауан 3 орынға табан тіресе, 33 келіден сайысқа түскен жәркенттік Қали Нұрасыл бірінші, көксулық Қабдыл Бауыржан екінші, шығыс өңірінен келген Семейбек Елнұр, Зарылқазы Шыңғыс үшінші орынға ие болды.

Ал, 36 келі салмақтан ескелділік  Айтмұрат Алинұр бірінші, жәркенттік  Нұржұма Омар екінші, сарқандық Рахметхан Ұлағат, Талдықорғандық Кенжесары Бекзат үшінші жүлдеге лайық деп танылса, 39 келіден ескелділік Хисматуллин Ильшат бірінші, көксулық Балхаш Алинұр екінші, жәркенттік Кенесбек Бибарыс 3 орынға табан тіреді. Сонымен қатар 42 келілік салмақтан топ жарған талдықорғандық Мухамеджан Таңжарық бірінші, сарқандық Базарбай Асылжан екінші, Еңбек ауылан Нұрлыбай, Даулетбайұлымен  жәркенттік  Мирас Ерлікұлы үшінші жүлдені қандығаласа,  46 келіден 1-2-3 орындарға талдықорғандық Тұрсын Нұрхат, Оқасов Амирхан Жасұлан Алинұр және жәркентік Болат Алтынбек жеңімпаз атанды. Енді 50 келілік көрсеткіш бойынша көксулық Көпболов Әлишер бірінші, қараталдық Қанатұлы Абзал екінші,  ескелділік Айтбек Жәнібек пен сарқандық Батырұлы Бекарыс үшінші орындарға, 54 келіден жаркенттік Күшербай Мұрат бірінші,  ескелділік Селиванов Матвей екінші, талдықорғандық Серік Ерасыл мен жаркенттік Ермек Мирас үшінші орын бәйкесін еншіледі. Жеңімпаздар алғыс хат, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK