Құрметті Талдықорғандықтар! 2018 жылдың 6 сәуір күні «Жастар — 2» спорт кешенінде (Абылай хан – Жансүгіров көшелерінің қиылысында) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» Республикалық турниріне қалалық іріктеу жарысы өтетіндігін хабарлаймыз.

Жарыс талаптары:

  • Жарысқа дәрігердің тіркеуінен өткен және тапсырыс қағазда рұқсат берілген Талдықорған қаласының тұрғандары қатыса алады.
  • Жарысқа +85 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі (Түйе палуан) 18 жастан асқан спортшылар қатысады. Қатысушы палуандардың міндетті түрде өздерімен бірге мандаттық комиссиясынан өткен кезде жеке куәлігі болуы керек.
  • Спортшылардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама қағазы болуы қажет.
  • Жаттықтырушылардың қамшысы және палуандардың өздерімен бірге шапаны (бас киімі, белбеуі бірге болу қажет), қасқырдың терісі болуы тиіс.
  • Мандаттық комиссияның отырысына: дәрігер рұқсаты бар сұраныс, палуанның жеке куәлігі, медициналық сақтандыру полисі тапсырылады.
  • Палуандардың күрес күртешесінің артқы жағында аты-жөні жазылуы керек (әріптер биіктігі 6 см, қара түспен) және 1 қызыл, 1 көк түсті күртешесі мен белбеулері және күреске қажетті аяқ киім (борцовка) болуы тиіс.
  • Жарысқа қатысуға сұраныстар 2018 жылдың 2 сәуірге дейін қалалық әкімдіктің 115- кабинетінде қабылданады.
  • Сұраныс үлгісі:
Тегі, аты-жөні Туған жылы, күні, айы Жұмыс немесе оқу орны Спорттық атағы Салмағы Лақап аты Бапкері Дәрігердің қолы
1
2

  Мандаттық комиссия мен салмақ өлшеу:

  • 5 сәуір күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін
  • Салтанатты ашылу рәсімі 6 сәуір күні сағат 11:00-де

Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-72-98.  

Жарыстың бас төрешісі: Ерлан Иманғалиев  8 701 734 63 73

Ұйымдастыру комитеті

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK