Халқымыздың сүйікті перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында қалалық  «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Қаламыздағы Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында  ұйымдастырылған байқауға кілең қара сөзді жалау еткен  өрендер жиналды. Шара барысында  білім шаңырағының  директоры Самғат Садырбайұлының құттықтау сөз сөйлеп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

 Мектептің өнерпаздары Аяжан Қалқаман және Әлімжан Нұрланұлы  Абай атамыздың әндерін орындады.

Айтар болсақ, бұл  «Абай оқулары» 6 кезең бойынша өткізілді.

Ең алдымен,  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы. Бұл жеодегі талап бойынша  оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына , мәнерлеп оқуына байланысты бағаланды. Бұл номинацияда бүгін  23 оқушы бағын сынады.

 Екінші, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 17 оқушы  қатысты.  Үміткерлердің  Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп, түсініп  оқуына назар аударылды.

 Үшінші, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармалары жатқа оқыған 6 оқушы өзара бақ сынасты.

 «Көңілім әнді ұғады» номинациясында  оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды. Бұл кезеңге  21 оқушы қатысты.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында 17 оқушы өз шығармаларын орындады. Ал,  «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты ұсынылған тақырыптардан таңдап, эссе жазу ұсынылды.  Бұл бөлімге 16 оқушы қатысқан болатын. Әділқазылардың сөзінше,  Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып, түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскендігі қуантады. Әр кезеңде оқушалар ерекше дайындықпен келген.  Әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

 Абай шығармалары – үлкен тәрбие мектебі. Себебі, оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына міне,  тағы да бір  көз жеткізіп отырмыз. «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе…» демекпіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK