Жұлдызы жарқыраған Жетісу

260
Фото авторы М.Момынгелдинова

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен “Жұлдызы жарқыраған Жетісу” облыстық форумы өтті. Форум аясында “Жаңғыру жолы” республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының алғашқы жиыны, “Жеңіс” саябағында “Таза саябақ — Таза қала” акциясы және Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

Фото авторы М.Момынгелдинова

Алғаш болып сөз сөйлеген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай: “Әрбір елдің келешегі өскелең ұрпағына тәуелді. Әр заманның өзіне тән ағымы, өрлеу кезеңдері болады, XXI  ғасыр бүгінгі ұрпаққа  тәуелсіз елде өмір сүріп, оның болашағы үшін еңбек ету бақытын сыйлады. Жақында ғана Астана қаласында Қазақстанның стратегиялық бағытын қолдау мақсатында “Жаңғыру жолы” атты республикалық жастар қозғалысы құрылды. Оның негізгі мақсаты “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру барысында жастарды Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясаты негізінде біріктіру. Қорыта келгенде айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін бойларына сіңіріп өсуі қажет. Сонда ғана өскелең ұрпақтың рухы биіктеп, келешегіміз кемелдене түспек. Ал, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында құрылып, бүгін тың бастама көтеріп отырған штаб мүшелерінің “Жаңғыру жолы” жұмыстарына зор табыстар тілеймін”- деді.

Фото авторы М.Момынгелдинова

Айта кетейік, 15 наурызда жастар қозғалысының құрылтай конференциясы өтіп, аталмыш шараға облысымыздан 5 делегат қатысып келген болатын. Онда 2018-2020 жылдарға арналған стратегия, құрылымы мен ережелері қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жөнінде аға буын өкілдері “Мұның барлығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа, бәсекелестікке жетелейді. Бұл жастардың қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқаратындығының айқын көрсеткіші”-дейді.

Фото авторы М.Момынгелдинова

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK